Abstract:
Мақалада оқушының тілдік тұлғасы қарастырылады. Оқушыны тілдік
тұлға ретінде қалыптастыру үшін мәтіннің қызметі, оның мазмұны мен қолданысы
айтылады. Сонымен қатар, оқушының тілдік тұлғасының лексикалық ерекшелігі де сөз
болады. Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің оқушының рухани жағынан дамуына
және тұлға ретінде қалыптасуына әсері де мақалада қамтылады. Себебі зерттеулер
көрсетіп отырғанындай тілдік тұлға қалыптасуының негізі баланың мектепте оқып
жүрген кезеңінде қаланады. Сондықтан бастауыш сыныпта да, жоғарғы сыныптарда да
оқушының тілдік тұлғасын қалыптастыруда оқулықтар мәтінінің алатын орны айрықша. Сабақ барысында мұғалім осы мәтіндерді негізге алады. Оқушы да пән мазмұнына қатысты негізгі мәліметтермен оқулық мәтіні арқылы танысады. Ендеше, оқушының тілдік тұлғасының қалыптасуында оқулық мәтіні өте маңызды рөл атқарады.
Тілдік тұлға туралы айтылған зерттеулерді негізге ала отырып, оқушыларды тілдік
тұлға ретінде қалыптастырудың маңызы қандай деген мәселе қарастырылды.