Аннотации:
Интернет-мемдер – бейвербалды құралдың бірі ретінде әлеуметтік желілерде қазіргі кезде белсенді қолданылады.
Мақалада әлеуметтік желі тіліне тән осындай бейвербалды құрал – Интернет-мемдер
қарастырылады. Интернет-мемнің пайда болуы ғаламтордың жанрлық құрылымының
күрделенуі мен дамуына тікелей байланысты. Олар өздерінің бай семантикасы және
жоғары экспрессивтілігімен ерекшеленеді. Интернет-мемнің осы ерекшелігі олардың
Интернет-кеңістікте жылдам әрі кең таралуына мүмкіндік берді.
Мақалада ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, Интернет-мемнің анықтамасы ұсынылды. Интернет-мем дегеніміз – әлеуметтік желідегі ғаламтор қолданушыларының
қауымдастығы үшін өмір желі тәртібін көрсететін және жеке коммуникативтік пресуппозицияларды креолды және мәтіндік түрге жылдам айналдыруға бағытталған мәдени код. Интернет-мемдер екі топқа ажыратылады: креолды мемдер (сурет+мәтін)
және бірыңғай мәтіндік мемдер. Креолды мемдер біртекті (гомогенді) мағыналық жүйеге ие, екі түрлі құрылымдық деңгейден тұрады: тілдік (вербалды), визуалды (графикалық,
сурет, дыбыстық т.т.), дыбыстық-музыкалық, әлеуметтік желілерде тілдік жағын
дыбыспен беру де кездеседі. Мәтіндік мемдер құрылымы жағынан мынадай топтарға
бөлінеді: сөз-мемдер; сөз тіркесінен жасалған мемдер; сөйлем-мемдер. Мақалада осы екі
топтың жасалуы, түрлері, білдіретін мағыналары сөз болады. Әлеуметтік желідегі тіл
мәдениетінің сақталуы Интернет-мемдерге де қатысты. Мақалада осы мәселеге қатысты өзіндік ұсыныстар беріледі.