Аннотации:
Үш әлемді байланыстыратын «өмір ағашы», «әлем ағашы» ұғымынан туындап, адамзат санасына киелілік қасиетімен орныққан бұл нысанның танымдық тарихы
тым көне дәуірлерден бастау алады. Адамзаттың мәдени жадында архетип символ
ретінде әлем ағашының орны айрықша. Бұл туралы көне мәтіндер мен миф құрылымын қарастырған еңбектердің барлығында мүмкіндігінше зерттеліп келеді.
Қазақтың көне дүниетанымында бұл ағаш алып бәйтерек, емен, мықан ағашы түрін- де
көрінеді. Сондай-ақ қазақ даласында киелі орындардың көпшілігі ағашпен және бұлақ
көзімен байланысты. Бұл екеуі бір-біріне өте жақын орналасады, бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Сондай-ақ оқшау өскен ағаштарға ерекше құрмет көрсетіліп,
тілек қабыл болуы үшін ақ байланады.
Көне түркілік дүниетанымға сәйкес кеңістіктің тігінен алғандағы пішіні үш бөліктен
тұрады да, осы үш әлемді байланыстырушы алып бәйтерек немесе мықан ағашы – әлем
ағашының қазақтық инварианты.
Көркем әдебиет құрылымындағы жапандағы жалғыз ағаш, тамыр мен жапырақ, дің мен
бұтақ детальдары – мифтік архетиптің поэтикалық санада жаңғырып, айрықша көркем пішін тудыруының мысалы.
Мақалада мифтік ұғымнан көркем ойлауға ұласқан «әлем ағашының» поэтологиясы
талдау нысанына алынып, әлем мифтері, қазақ ертегілері мен көркем әдебиеті арқауында қарастырылады.